АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 17 Ақпан 2026 04:44

Дәріс

            2026 жылғы 17 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Терроризм және экстремизм» тақырыбында дәріс өтті.

            Іс-шараны Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ мамандары өткізді.

            Білім алушылар алдында сөз сөйлегендер:

  • Нургалиева Акмарал Сансызбаевна — КҚТДО орталығының маманы;
  • Кошмагамбетов Рустем Муратович — КҚТДО орталығының маманы.

            Кездесу барысында терроризм мен экстремизмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ жастар арасындағы конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері қарастырылды. Білім алушылар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.