2026 жылғы 11 ақпанда Ақмола облысы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында АҚЖКК оқытушысы Мусин Ж.Т. ӨҚ-31В және ТЖ-21Б топтарында «Автоматтандырылған басқару жүйесі және байланыс» пәні бойынша «Орталық өрт байланыс пункті» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар байланыс пунктінің қызметін ұйымдастыру тәртібімен, құжаттамаларымен, жабдықтарымен және байланыс құралдарымен танысты. Сонымен қатар, облыс аумағындағы өрт ошақтарын анықтау және орнын айқындау бойынша заманауи технологиялар көрсетілді. Бурабай ауданының орман алқабы мен Көкшетау қаласы аумағында өрттің алдын ала анықталуын онлайн режимде бақылау жүйесінің жұмысы таныстырылды.
Сондай-ақ білім алушылар 101 және 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жұмысымен танысты. Диспетчерлердің төтенше жағдайлар туралы қоңырауларды қабылдау, тіркеу, жедел әрекет ету қызметтеріне бағыттау және оқиға орнына күштер мен құралдарды жіберу тәртібі түсіндірілді. Қоңырауларды өңдеу алгоритмі, ақпаратты нақтылау, азаматтарға алғашқы нұсқаулық беру және жедел қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру жұмыстары көрсетілді.
s, and dispatching personnel and equipment to the scene. Algorithms for processing calls, clarifying information, providing initial instructions to citizens, and coordinating the interaction of emergency services were demonstrated.



