Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Әдістемелік сүйемелдеу – білім сапасының негізі» атты әдістемелік онкүндігінің және «Үздік жас педагог» кәсіби шеберлік байқауының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Бұл кезең нағыз инновациялар алаңына айналды. Жас мамандар заманауи сабақтың жай ғана дәріс емес, мамандыққа интерактивті түрде ену екенін дәлелдеді. Ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары аясында оқытушылар озық құралдарды меңгеру деңгейін көрсетті.
«Үздік жас педагог» байқауының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
• Гран-при - дене тәрбиесі және спорт пәнінің оқытушысы Төребеков Азат Азаматұлы;
• 1 орын - экономикалық пәндер оқытушысы Гирьева Анжелика Дмитриевна;
• 2 орын - ББПӘ оқытушысы Болатқызы Дильназ және дене тәрбиесі және спорт пәнінің оқытушысы Василий Петрович Гура;
• 3 орын - ББПӘ оқытушысы Анастасия Алексеевна Тетерина және АӘТД оқытушысы Руслан Мишпаевич Куздеубаев;
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 16 Ақпан 2026 05:49



