Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Әдістемелік сүйемелдеу – білім сапасының негізі» атты әдістемелік онкүндік аясында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Куздеубаев Р.М. «Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің ерекше түрі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқу үдерісі білім алушылардың белсенділігін арттыру мақсатында үш топқа бөлу арқылы ұйымдастырылды. Сабақ барысында болашақ Отан қорғаушылар әскери қызметтің құқықтық негіздерін, әскери анттың маңызын және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі орнын талқылады. Топтық жұмыс форматы білім алушыларға тақырыпты жан-жақты меңгеруге, өз пікірлерін дәлелдеуге және ұйымшылдық танытуға мүмкіндік берді. Сабақ әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәртіп пен патриоттық бағыттың айқын үлгісін көрсетті.



