АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 13 Ақпан 2026 09:59

Ашық сабақ

            2026 жылғы 11 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Үздік жас педагог» байқауы аясында оқытушы Гирьева А.Д. «Бухгалтерлік баланс және шоттар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

            Сабақ барысында білім алушылар бухгалтерлік есептің негіздерін – балансты құру қағидаларын, активтер мен пассивтердің теңдігін, сондай-ақ шаруашылық операцияларды шоттарда көрсету әдістемесін меңгерді. Оқытушы теория мен практиканың байланысын көрнекі мысалдар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы сәтті көрсетті. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, білім алушылардың есеп жүргізу ісіне деген қызығушылығын арттырды.