АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 13 Ақпан 2026 09:53

Әдістемелік іс-шара

            2026 жылғы 12 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Әдістемелік сүйемелдеу – білім сапасының негізі» атты әдістемелік онкүндік аясында оқытушылар Усина С.С., Куздеубаев Р.М., Кажыбай А.С., Кинжалинова В.Е. және Тетерина А.А. «Білім алушылардың  оқу мотивациясын арттыру құралы ретіндегі әдістемелік драйв» атты әдістемелік іс-шара ұйымдастырды.

            Іс-шараның мақсаты - білім алушылардың оқу процесіне деген ынтасын, қызығушылығын және мотивациясын күшейтетін әдістемелік тәсілдерді енгізу. Бұл тәсілдер білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, оқу нәтижелерінің сапасын арттыруға бағытталады.

            Нәтижесінде оқу мотивациясы артып, білім алушылардың қызығушылығы мен ынтасы күшейеді. Бұл олардың оқу нәтижелерін жақсартуға, топтық ынтымақтастықты арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқу процесінде өздеріне сенімділік қалыптастыруға ықпал етеді. Инновациялық әдістер мен заманауи технологиялар оқу процесін қызықты етіп, тиімділікті арттырады.