2026 жылғы 9 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасының 2026 жылғы конституциялық реформасы мәселелеріне арналған «Өзекті конституциялық модель» тақырыбында диалог-семинар өткізілді. Іс-шараға колледж оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Семинар аясында дәріс ұйымдастырылып, құқықтық пәндер оқытушылары Ильясова С.И. мен Мадиева Г.С. конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен басты ережелерін, оның құқықтық мемлекеттi, мемлекеттік басқару жүйесін және азаматтық қоғамды дамытудағы мақсаттары мен маңызын таныстырды.
Дәрістік бөлімнен кейін пікір алмасудың диалогтық форматы өтті. Қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді, қоғам өміріндегі Конституцияның рөлін, сондай-ақ жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің маңызын талқылады.
Өткізілген диалог-семинар оқытушылар мен білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыни ойлауды дамытуға және Қазақстан Республикасында болып жатқан конституциялық өзгерістерге саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.



