2026 жылғы 6 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Әдістемелік сүйемелдеу – білім сапасының негізі» атты әдістемелік онкүндік аясында, арнайы пәндер оқытушылары Бекназар А.Б. Садық А.Т. Базарбаева А.Р. Төребеков А.А. және Уалиден Н.М. «PRO-білім беру: педагогикалық шеберліктің жаңа белестері» тақырыбында тәжірибе алмасу семинарын өткізді.
Іс шараның негізгі мақсаты - кәсіби және тұлғалық дамуын қолдайтын PRO-білім беру қағидаттары негізінде ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, дене жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері арқылы өзін-өзі жеңуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау.
Нәтижесінде оқытушылар педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жаңа тәсілдерін меңгерді және кәсіби дамуға деген ынтасын арттырды. Тәжірибе алмасу семинары жаңа идеялар мен тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндік берді.



