АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 10 Ақпан 2026 06:40

Педагогикалық шеберлік орталығы

            2026 жылғы 6 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық шеберлік орталығының жоспарына сәйкес «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша «Оқу тәжірибесі аясында білім алушылардың педагогикалық шеберлігі» тақырыбында іс-шара өтті.

            Іс шараның мақсаты - оқу практикасы аясында екінші курс білім алушыларының педагогикалық шеберлігін дамыту, болашақ бастауыш сынып мұғаліміне қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастыру және оқыту үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға үйрету.

            Іс-шара білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, педагог мамандығына деген жауапкершілігін нығайтуға жақсы ықпал етті. Шара барысында білім алушылар педагогикалық шеберлік туралы теориялық мәлімет алып, оны практикамен ұштастыруға мүмкіндік алды. Білім алушылар жағдаяттық тапсырмалар орындап, «Мінсіз мұғалім» тақырыбында пікір алмасып, топтық жұмыстарға белсене қатысты.