04.12.207 ж. ТЖ-11 Б тобымен 1 желтоқсан Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні орай «СПИД - ғасыр дерті» атты кураторлық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Білім алушыларға СПИД - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. СПИД -ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру. «Біз СПИД – ке қарсымыз» бейне ролик көрсетілді. Әр білім алушы аурудың алдын алу үшін ауырмай тұрып, ауырмайтын жол іздеу керек. Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алуға мүмкіндік жасау туралы айтылды.
Білім алушылар тақырып бойынша ойларын ортаға салды. Топ бойынша жұмыс атқарды. «Біз СПИД – ке қарсымыз» атты сурет сайысы білім алушылардың көңілінен шықты. Кураторлық сағаттың соңында білім алушылар, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!» деп ұранмен аяқтады.