2026 жылғы 9 ақпанда Көкшетау қаласындағы М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті.
Аталған іс-шараға Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ӨҚ-11Б, ЕҚ-11, БМ-11 топтарының білім алушылары және колледж оқытушылары Шахтай А.М., Рахимжан К.О., Каирова А.Ж. қатысты.
Іс-шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен әдеби мұрасы таныстырылып, ақын шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтарға ерекше назар аударылды.



