Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Әдістемелік сүйемелдеу – білім сапасының негізі» атты әдістемелік онкүндік аясында «Мұғалімнің психологиялық әл-ауқаты - кәсіби тиімділіктің ресурсы» тақырыбында психологиялық іс-шара өтті.
Іс-шараны колледж психологтары Косатова А.Ф. мен Бегалина Ж.Б. жүргізді. Кездесу жылы, еркін атмосферада өтіп, арт-терапия элементтері, музыкалық рефлексия және өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмалар қолданылды.
Іс-шара мұғалімдердің эмоционалдық жеңілдеуіне, ішкі ресурстарын сезінуіне жақсы ықпал етті. Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 07 Ақпан 2026 06:33



