2026 жылғы 3 ақпанда Көкшетау қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы кітапханада көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған конференция өтті.
Аталған конференцияға Азаматтық қорғаныс жоғары көспалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Каирова А.Ж. және БМ-21 тобының білім алушылары қатысып, Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен ғылыми мұрасы туралы мәлімет алып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Конференция барысында ғалымның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі талқыланып, оның шығармашылығындағы рухани-адамгершілік құндылықтарға ерекше назар аударылды.



