2026 жылғы 2-13 ақпан аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Әдістемелік сүйемелдеу – білім сапасының негізі» тақырыбында Әдіскер онкүндігі өтіп жатыр.
Онкүндік аясында Азаматтық қорғаныс кафедрасының әдіскері Светлана Назымовна «Заманауи сабақ - тиімді әрі сапалы білім берудің негізі» тақырыбында Жас педагог мектебінің кезекті отырысын өткізді.
Іс-шараның мақсаты - жас оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи оқыту әдістерін меңгерту және сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
Кездесу барысында оқытушылар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, интерактивті әдістерді қолдану, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша шеберлік сағатын, ойындар өткізді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң пікірге ие болды.



