2026 жылғы 28-30 қаңтар аралығында қалалық «Сұңқар» спартакиадасы аясында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында шаңғы жарысы мен Қысқы Президенттік көпсайыс бойынша қалалық жарыстар өтті. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, аталған жарыстарда тамаша нәтижелерге қол жеткізді.
Қысқы Президенттік көпсайыс бойынша жеке есепте қыздар арасында Герасимова Валерия (ФК-42А), ал жігіттер арасында Төлеген Әділ (ТЖ-21Б) жеңімпаз атанды.
Шаңғы жарысы бойынша қыздар арасында жүлделі орындарға ФК-32А тобының білім алушысы Першукова Рамина (2 орын) және ФК-42А тобының білім алушысы Герасимова Валерия (3 орын) ие болды. Ал Першукова Рамина (ФК-32А), Смирнова Вероника (ФК-42А) және Герасимова Валерия (ФК-42А) құрамындағы эстафеталық команда чемпион атанды. Жігіттер арасында жеке біріншілікте ФК-32С тобының білім алушысы Скорняков Виктор (2 орын) және ТЖ-21Б тобының білім алушысы Төлеген Әділ (3 орын) үздік нәтиже көрсетіп, эстафеталық жарыста да жеңіске жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы шаңғы жарысы мен Қысқы Президенттік көпсайыс бойынша жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді.
Құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!



