АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 31 Қаңтар 2026 04:32

Интерактивті әдістемелік ойын

            2026 жылғы 30 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында педагогикалық мамандықтардың білім алушыларына арналған «Беттерден тыс қаһармандар: кинодағы әдеби кейіпкерлер мен балалардың қабылдауы» атты интерактивті әдістемелік ойын өтті.

            Іс-шараның мақсаты мектептегі әдеби білім беру үдерісінде экрандауларды пайдалану әдістерін студенттердің тәжірибелік тұрғыда меңгеруі арқылы білім алушылардың аналитикалық ойлауын, визуалдық сауаттылығын және көркем мәтінді сыни тұрғыда қабылдауын дамыту.

            Іс-шараны оқытушылар Тетерина А.А. мен Нарымбаева Д.Н. өткізіп, 3-курс білім алушылары үшін мәтін мен фильмді салыстырмалы талдау элементтері бар командалық викторина форматында кәсіби сынамалар ұйымдастырды.

            Жарыс қорытындылары:

  • 1 орын – РЛ-32 тобының командасы;
  • 2 орын – ПМНО-32Б тобының командасы.

            Сабақтың тәжірибеге бағытталған форматы болашақ оқытушыларды қазіргі білім беру талаптарына сай даярлауда интерактивті технологиялардың тиімділігін көрсетті.