АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 30 Қаңтар 2026 04:28

Құттықтаймыз!

            2026 жылғы 27-30 қаңтар аралығында «Кезең» облыстық спартакиадасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында волейболдан облыстық жарыс өтті.

            Аталған спорттық додада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің қыздар командасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 10 команда арасынан жалпы командалық есепте І орынды иеленді.

            «Үздік ойыншы» жеке номинациясы бойынша ФК-42А тобының білім алушысы Закирьянова Алина марапатталды.

            Команданы Дене тәрбиесі және АӘТД кафедрасының оқытушысы Айдархан Қуаныш Сабырханұлы дайындады.

            Құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!

    

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp