АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 29 Қаңтар 2026 04:22

Мастер-класс

            2026 жылғы 29 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық шеберлік орталығының жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша «Әртүрлі қызмет түрлерінде ұсақ моториканы дамыту» тақырыбында мастер-класс форматында іс-шара өтті.

            Мастер-класс жоғары курс білім алушылары тарапынан кіші курс білім алушылары үшін ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар мектепке дейінгі жастағы балалардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған практикалық тәсілдер мен әдістерді көрсетті, өз тәжірибелерімен, педагогикалық жаңашылдықтарымен және білім беру тәжірибесінде қолданылатын тиімді әдістемелерімен бөлісті.

            Баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін ойын, шығармашылық және тиімді іс-әрекет түрлерін қолдануға ерекше назар аударылды. Қатысушылар жұмысқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, ұсынылған әдістемелерді талқылауға атсалысты. Өткізілген мастер-класс студенттердің кәсіби тұрғыда өсуіне және болашақ педагогикалық қызметке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

        

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp