2026 жылғы 23 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары өңірлік IT Hub Aqmola Hub базасында өткен AI Workshop шарасына қатысты.
Іс-шара жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану мәселелеріне және білім беруді қоса алғанда, түрлі салалардағы цифрлық трансформацияның заманауи тәсілдеріне арналды. Оқытушылардың жұмыс тиімділігін жасанды интеллект көмегімен арттыруға бағытталған практикалық кейстер мен демонстрациялар ерекше қызығушылық тудырды.
Оқытушылардың аталған іс-шараға қатысуы Қазақстан Республикасы Президенті Қ-Ж.К. Тоқаев 2026 жылға жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді және цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған. Алынған білім мен тәжірибе колледждің оқу және әдістемелік қызметінде қолданылатын болады.



