2026 жылғы 20-23 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында облыстық «Кезең» спартакиадасы аясында облыстың 13 колледжі қатысқан қысқы Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар өтті. Жарыс бағдарламасына ату, күш гимнастикасы және шаңғы жарысы кірді, осы үш спорт түрінің қорытындысы бойынша командалық және жеке нәтижелер анықталды.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, командалық есепте II орынға ие болды.
Жеке есепте қыздар арасында ФК-22А тобының білім алушысы Дробязко Ирина I орынға ие болды, ал жігіттер арасында ФК-42А тобының білім алушысы Скрипкин Михаил II орынды иеленді.
Құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!



