АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 23 Қаңтар 2026 12:37

Кездесу

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде білім алушылармен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға колледж директоры Тураров С.Ж., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. және құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі инспектор Кошкенова А.О. қатысты.

            Кездесу барысында білім алушыларға колледжде және жатақханада өзін-өзі ұстау ережелері, ішкі тәртіпті сақтау, тәртіп нормаларын орындау және айналадағыларға құрметпен қарау қажеттілігі еске салынды. Оқу орны мен жатақхана мүлкінің сақталуына ерекше назар аударылды.

            Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі инспектор мүлікті бүлдіргені үшін жауапкершілікті түсіндіріп, белгіленген ережелерді бұзған жағдайда қолданыстағы заңнамада көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары мен айыппұлдар туралы ақпарат берді.

            Колледж басшылығы тәртіпті сақтау, мүлікке ұқыпты қарау және заңға бағыну қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың маңызды шарттары екенін атап өтті. Мұндай кездесулер құқықбұзушылықтардың алдын алуға және студенттердің өз әрекеттері үшін жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.

          

Кескіндер галлереясы

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp