2026 жылғы 21 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Панацея» медициналық орталығының медицина қызметкері Ұлпан Сакеновна «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында білім алушыларға ерте жүктіліктің себептері мен салдары туралы өзекті ақпарат ұсынылып, репродуктивтік денсаулықты сақтау және өз болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілді.



