04.12.2017ж. күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ӨҚ-21 А,Б,С және ӨҚ-31 С тобы білім алушыларымен кураторлар Ұ.О. Тойлыбаева мен М.Қ Омиралина «ЖИТС-ке жол жоқ» атты кураторлық сағат өткізді. Мақсаты адамзатқа төнген қауіпті дерт ЖИТС –тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын, алдын-алу мен күресу жолдарын түсіндіру, СӨС насихаттау. Кураторлық сағатқа арнайы қатысқан азаматтық қорғаныс бөлімінің меңгерушісі Л.М. Иманжанова кіріспе сөз сөйледі.
Кураторлық сағат ашық пікір алмасу алаңы ретінде өткізілді. Биология және тіршілік қауіпсіздігі пәндері оқытушысы Тойлыбаева Ұ.О. АИТВ/ЖИТС вирусының жұғу жолдары, алдын алу шараларына толық тоқталып, Ақмола облысы бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді, АИТВ/ЖИТС –ке қарсы әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара соңында білім алушыларымен кері байланыс ретінде «Қатер деңгейі» жаттығуы өткізілді. Колледж медбикесі АИТВ/ЖИТС алдын алу туралы буклеттер таратты. Арнайы тақырыптық кітап көрмесіне СӨС, денсаулық, гигиена, АИТВ/ЖИТС туралы әдебиеттер мен кітаптар қойылып, таныстырылды.