Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған 2025-2026 оқу жылына арналған «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы инновациялық технологиялар» атты ғылыми мақалалар (рефераттар) байқауы өз мәресіне жетті.
Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, олардың кәсіби және шығармашылық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бейінді ұйымдар арасында тәжірибе алмасу болды.
Байқауға бес бейінді колледждің студенттері тарапынан барлығы 19 ғылыми мақала (реферат) ұсынылды. Ұсынылған жұмыстар тақырыптың өзектілігімен, практикалық бағыттылығымен және материалдардың жоғары деңгейде әзірленуімен ерекшеленді.
Байқау жеңімпаздары:
- I орын - Каримов Рамиль, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 3 курс білім алушысы;
- II орын - Жақұт Әсет, Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің 4 курс білім алушысы;
- III орын - Костина Софья, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 2 курс білім алушысы.
Сондай-ақ келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
- «Мақаланы үздік рәсімдеу» - Круч Вероника, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 3 курс білім алушысы;
- «Үздік техникалық идея» - Сунгатов Ерболат, Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің 2 курс білім алушысы, Ошмаров Марк, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 4 курс білім алушысы;
- «Еңбек қауіпсіздігі бүгін - толыққанды ертеңге қадам» - Сундукова Екатерина, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 3 курс білім алушысы.
Байқауға белсенді қатысқаны, ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейі және бейінді мамандықтар бойынша ғылыми қызметті дамытуға қосқан үлестері үшін барлық қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!



