2026 жылғы 13-16 қаңтар аралығында «Кезең» облыстық спартакиадасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында футзалдан облыстық жарыстар өтті.
Аталған спорттық додада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 9 команда арасында жалпыкомандалық есепте I орынды иеленді.
«Үздік ойыншы» жеке номинациясы бойынша ДТ-41 тобының білім алушысы Сарсембаев Бексултан марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!



