2026 жылғы 6 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Дене тәрбиесі және АӘТД кафедрасы «Дені сау оқытушы - табысты оқушы» атты спорттық іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға колледждің кафедраларының оқытушылары белсене қатысты.
Іс-шара аясында жалпы дене шынықтыру жаттығулары жүргізіліп, қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылды, сондай-ақ автоматты бөлшектеу және жинау бойынша жарыстар өткізілді. Аталған іс-шара педагогикалық ұжымның денсаулығын нығайтуға және командалық рухты арттыруға зор ықпал етті.



