АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 25 Желтоксан 2025 09:40

Жұмысшы мамандықтар жылының аяқталуына арналған іс-шара

            2025 жылғы 23 желтоқсанда Көкшетау қаласының «Bolashaq saraiy» сарайында Жұмысшы мамандықтар жылының аяқталуына арналған іс-шара өтті.

            Іс-шараға өңіріміздің үздік білім алушылары, оқытушылар, әлеуметтік серіктестер және кәсіптік білім беру саласының ардагерлері шақырылды. Шара Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының қатысуымен өтті.

            Салтанатты жабылу аясында «WorldSkills Kazakhstan – 2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Осы рәсімде «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша 1 орынды иеленген Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің құрама командасы марапатталды. 

            Команда құрамына келесі білім алушылар кірді:

  • Леонтьева Ангелина
  • Парахонько Никита
  • Сиволапов Владислав
  • Токсанбаев Мирас
  • Тремпельченко Андрей

            Жеңіске қол жеткізген командамызды, оларды дайындаған жаттықтырушыларды және қатысушыларды қолдаған барша жандарды шын жүректен құттықтаймыз!

          

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp