АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 22 Желтоксан 2025 06:17

«Оқуға құштар колледж»

            2025 жылғы 19 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» республикалық жобасының қорытындысы шығарылды.

            Жобаның аяқталуы мен оның маңыздылығы бойынша колледж директоры Тураров С.Ж., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. және кітапхана меңгерушісі Баджанова Т.К. сөз сөйледі.

            Іс-шара аясында тәрбие бөлімімен бірлесіп білім алушылар арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты әдеби кейс өткізілді. Білім алушылар жоғары белсенділік танытып, өлеңдер оқыды, оқыған шығармалары туралы ойларымен бөлісіп, олардың маңызын талқылады. 

          

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp