АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 20 Желтоксан 2025 11:41

«Қысқы бал Патшасы мен Патшайымы - 2025»

            2025 жылғы 18 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жарқын әрі ұмытылмас «Қысқы бал Патшасы мен Патшайымы - 2025» дәстүрлі іс-шарасы өтті. 

            Ең белсенді, жасампаз және дарынды білім алушылар мәртебелі атақтар үшін өз өнерлері мен қабілеттерін көрсетті.

            «Қысқы бал – 2025» байқауының жеңімпаздары:

  • Гран-при – Рыманов Андрей, ФК-12Б тобының білім алушысы (кураторы – Гура В.П.), Зенченко Дарья, ПБ-12А тобының білім алушысы (кураторы – Куценко А.Д.);
  • I орын – Асхат Әділет, ЕҚ-11 тобының білім алушысы (кураторы – Ақыбай Ә.С.), Рамазанова Медина, ИН-12 тобының білім алушысы (кураторы – Усина С.С.);
  • II орын – Кеңесбай Жалғас, ӨҚ-11А тобының білім алушысы (кураторы – Нурсеитова Р.З.), Амантай Алуа, БМ-41 тобының білім алушысы (кураторы – Нурсеитова Р.З.).

            Іс-шара таңғажайып концерттік нөмірлерге, ертегі кейіпкерлерінің жарқын қойылымдарына толы болды. Кештің қорытындысы ретінде қысқы ертегі атмосферасын қалыптастырған ғажайып вальс орындалды.

            Марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар мен көрермендер көңілді дискотекаға шақырылып, баршаға жарқын да шаттыққа толы естеліктер қалдырды.

       

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp