2025 жылғы 17 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының шақырылған психологы Шарипова Гулим ұйымдастырған «Сиқырлы торкөздер» атты психологиялық практикум өтті.
Аталған іс-шараға колледж әкімшілігі қатысып, ұжымның психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған бастаманы қолдады.
Практикум барысында қатысушылар эмоциялармен жұмыс істеуге арналған тиімді психологиялық әдіс-тәсілдерді меңгеріп, күйзеліске төзімділікті дамытуға бағытталған жаттығулар орындады, сондай-ақ жылы әрі сенімді әңгімеге қатысты. Іс-шараға ерекше атмосфера сыйлаған жаңажыл алдындағы ұтыссыз лотерея қатысушыларға жағымды эмоциялар мен мерекелік көңіл күй тарту етті.



