АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 19 Желтоксан 2025 06:02

Нашақорлықтың алдын алуға және оқытушылардың профилактикалық құзыреттілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

            2025 жылғы 19 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде білім алушылар арасында нашақорлықтың алдын алуға және оқытушылардың профилактикалық құзыреттілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

            Іс-шара аясында бірінші курс білім алушыларымен кездесу ұйымдастырылып, оған Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Курсанова Р.Т. және «Сенім» оңалту орталығының психологы Альжанова А.Т. қатысты. Ашық диалог барысында есірткі және психоактивті заттарды қолданудың салдары, олардың жастардың денсаулығына, мінез-құлқына және болашағына тигізетін әсері талқыланды. Өмірден алынған нақты мысалдар білім алушылардың өз таңдауларына саналы әрі жауапты көзқарас қалыптастыруына ықпал етті.

            Сонымен қатар кураторлар мен оқытушыларға арналған оқыту семинары ұйымдастырылып, оның аясында химиялық тәуелділіктің заманауи түрлері, наркобизнеске қарсы іс-қимылдың құқықтық аспектілері қарастырылып, білім алушылар арасындағы қауіп-қатерлерді ерте анықтауға арналған практикалық ұсынымдар берілді. Мұндай іс-шараларды өткізу колледждегі профилактикалық жұмысты нығайтуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға жақсы ықпал етеді.

           

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp