АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 13 Желтоксан 2025 05:01

Психология апталығы

            2025 жылғы 8-12 желтоқсан аралығында АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Психология ғажайып әлем» атты психология апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өтті. Апталықтың ашылу салтанатынан бастап білім алушылар белсенділік танытып, барлық іс-шараларға қызығушылықпен қатысты.

            Апталық барысында түрлі психологиялық ойындар, танымдық тренингтер, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға, ойлау қабілетін дамытуға, эмоционалдық ахуалын көтеруге бағытталды.

            Апталықтың жабылу рәсімі ерекше әсерлі өтті. Білім алушылар домбырамен күй тартып, гитарамен ән шырқап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер сыйлады.

            Қорытындылай келе, «Психология ғажайып әлем» апталығы өз мақсатына жетіп, студенттердің психологияға деген қызығушылығын арттырды, ұжымдық бірлікті нығайтты және есте қаларлықтай өтті.