2025 жылғы 9-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жас көшбасшыларға арналған оқыту курсы өтті. Іс-шара «Жастар Рухы» жастар қанаты тарапынан «Жас көшбасшылар платформасы» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Оқыту курсына өңірлік жастар ұйымдарының белсенділері мен өкілдері қатысты. Бағдарлама көшбасшылықты дамытуға, коммуникация дағдыларын жетілдіруге және жобалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған тренингтерді, дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды қамтыды.
Аталған іс-шараға Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Жастар Рухы» жастар қанатының жетекшісі, ФК-32А тобының білім алушысы Сантасов Бимахан белсенді қатысты. Оқу барысында ол кәсіби және көшбасшылық құзыреттерін арттырып қана қоймай, еліміздің өзге өңірлерінен келген әріптестерімен тәжірибе алмасты, жастар саясатын дамыту мен әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады.



