АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 18 Желтоксан 2025 04:42

Бейнероликтер байқауы

            Көкшетау қаласында «Зерделі Ұрпақ» ЖҚБ және «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ ұйымдастырған мектептер мен колледждер оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған байқаулар өтті. 

            «Есірткісіз өмір - менің таңдауым» атты бейнероликтер байқауында жастар салауатты өмір салтының маңызын шығармашылық тұрғыда көрсетті. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ӨҚ-31Б тобының білім алушысы Мейрбек Әділет өзінің өзекті жұмысымен осы байқауда жеңіске жетті.

            Алдын алу жұмыстарының жалғасы ретінде «Нашақорлық – бұл тығырық» атты үздік квест-ойын байқауы ұйымдастырылды. Бұл сайыста командалар қауіп-қатерлерді танып, жағымсыз ықпалға қарсы тұруды үйренді. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары жоғары деңгей көрсетіп, аталған жарыста құрметті 3 орынды иеленді.

            Өткізілген іс-шаралар жастардың салауатты өмір салтына деген көзқарасын нығайтып, жеке жауапкершілік сезімін арттырды.

          

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp