2025 жылғы 11 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы бірінші курс білім алушылары арасында «Бейбітшілік пен келісім – табыстың кепілі» тақырыбында эссе байқауын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты білім алушылардың өзара түсіністік, толеранттылық және қоғамдағы құрмет құндылықтарын қалыптастыру болды. Студенттер белсенділік танытып, шығармашылық көзқарас пен берілген тақырыпты терең аша білу қабілеттерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- I орын – Дюсембекова Адина (ЧС-12А), Матмуратова Ақнұр (ҚТ-11);
- II орын – Волосникова Алена (РЛ-12), Құсаин Илжан (ҚТ-11);
- III орын – Колегова Мария (ЧС-12Г), Ананьева Камила (ЧС-12А).
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды лайықты нәтижелерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!



