Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Графика және жобалау» пәні бойынша «Менің арманымдағы үй» тақырыбында ашық сабақ өтті.
БМ-11 тобының білім алушылары бұл шараға белсене қатысты. Жаңа тақырып сұрақ-жауап арқылы меңгеріліп, бекітілді. Сабақ барысында шығармашылық тапсырмалар орындалып, сергіту сәті өткізілді, сондай-ақ командалық сайыстар ұйымдастырылды.
Тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер ұсынылып, презентация көрсетілді.
Сабақ барысында білім алушылар берілген уақыт ішінде ғимараттың макетін жасап, өз жұмысын қорғады. Сабақ жоспары бойынша қойылған барлық мақсаттар орындалып, шығармашылық тапсырмалар критерийлерге сай бағаланды.



