АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 13 Желтоксан 2025 10:31

«Психология – ғажайып әлем»

            2025 жылғы 8-12 желтоқсан аралығында АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Психология – ғажайып әлем» атты психология апталығы бастау алды. Іс-шараға білім алушылар мен кураторлар белсенді қатысып, апталық мазмұнды әрі қызықты түрде өтуде.

            Апталықтың алғашқы күні – дүйсенбіде «Өзіңді тану» атты ашылу рәсімі өтті.  Азаматтық қорғаныс кафедрасының психологы Косатова А.Ф. іс шараның ашылуымен құттықтап, одан әрі ТЖ-31С тобының білім алушылары жүргізушілікті алып іс шараны бастады.  

            Білім алушылар тренингтерге қатысып, қызықты ойындар ойнап, логикалық тапсырмаларды орындап, өз белсенділіктерін көрсетті. Белсенді қатысушылар мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.