АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 28 Қараша 2017 03:21

«Зорлықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаты

24 қарашада Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде «Зорлықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: білім алушыларды өзара мейірімділік қарым-қатынасқа тәрбиелеу; ересек балалардың бойында өзіне және коршаған адамдарға құрмет қөрсетуге негізделген белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.

Міндеттері: «зорлық» және «қатыгездік» ұғымдарының мағынасын ашу; қатыгездікке қарсы тұру қабілетін дамыту;қоршаған ортаны түсіну және кешіру қабілетін дамыту; адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

У и А-12 тобы «Зорлықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбына қабырға газеттерін шығарып, белсенділіктанытты.Топта қиыншылық жағдайларда эмоционалдық серпіліс беретін қойылымдар қойылды, сабақ соңында білімалушыларға анонимдік сауалнама таратылды.