2025 жылғы 9 желтоқсан күні АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Психология – ғажайып әлем» атты психология апталығы аясында, «Командалық рухты арттыру» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараны Азаматтық қорғаныс кафедрасының психологы Косатова А.Ф. жүргізіп, білім алушыларға бағыт-бағдар мен қолдау көрсетті.
Бұл іс-шара білім алушылар арасында бірлік пен ынтымақты нығайту, өзара қолдауды дамыту және бір командада тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Күн барысында қатысушылар командалық ойындар, серіктестікке бағытталған жаттығулар мен психологиялық тренингтерге белсенді қатысты. Әрбір тапсырма топ мүшелерінің бір-біріне сенім артуын, үйлесімді әрекет етуін және ортақ нәтижеге бірге қол жеткізуін көздеді.



