АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 11 Желтоксан 2025 06:01

«WorldSkills Kazakhstan – 2025»

2025 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында X мерейтойлық «WorldSkills Kazakhstan – 2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
Осы чемпионатта Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің құрама командасы үздік нәтиже көрсетті. «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша АҚЖКК білім алушылары жоғары кәсіби даярлықты және мықты командалық рухты танытып, лайықты түрде бірінші орынды иеленді.
«WorldSkills Kazakhstan» чемпионаты тек сайыс алаңы ғана емес, болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға, тәжірибе алмасуға және инновацияларды енгізуге ықпал ететін маңызды платформаға айналды. Ол жастарды жаңа мақсаттарға жетелеп, үнемі дамуға ынталандырады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне болашақ мамандарды даярлауға көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Барша қатысушыларға, олардың тәлімгерлеріне және ұйымдастырушыларға кәсіби білім беруді дамытуға қосқан зор үлестері мен еңбектері үшін шынайы алғыс білдіреміз.



Кескіндер галлереясы

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp