«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында 27.11.2017 ж. күні ӨҚ-21А тобы білім алушыларымен «Менің әлемімде зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты кураторлық сағат өкізілді. Мақсаты білім алушаларға үлкендер мен құрбылар тарапынан көп кезедсетін зорлық -зомбылық туралы мағұлмат беру, өзіңнен әлсіз адамға күш көрсету адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Куратор сағатта топтық шығармашылық жұмыстар жасалды, ашық пікір алаңы ұйымдастырылды. Топ білім алушылары адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса әр адам өзінің адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы тиіс деген тұжырымға келді. Шығармашылық жұмыс кезінде 1 топ «Бостандық» тобы зорлық –зомбылықтың адам ағзасына тікелей әсерін ашып айтты. 2 топ «Еркіндік» тобы болса жаман әдеттердің салдары туралы постер қорғады. 3 топ «Адамзат» тобы «Сенің құқығың басқалардың құқығы басталған жерде шектеледі» деген тақырыпта постер қорғады.
Сабақ соңында бәрінің түсігені зорлық- зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі.Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек» .
Куратор Тойлыбаева У.О.