АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 10 Желтоксан 2025 05:53

WSK - 2025

            2025 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласында «WorldSkillsKazakhstan 2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындылары шығарылып, жеңімпаздары марапатталды. 

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің құрама командасы чемпионатқа «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша қатысып, лайықты түрде бірінші орынды иеленді. 

            Команда құрамына келесі білім алушылар кірді:

  • Леонтьева Ангелина – ЧС-1-25 тобының білім алушысы;
  • Парахонько Никита – ЧС-1-25 тобының білім алушысы;
  • Сиволапов Владислав – ЧС-1-25 тобының білім алушысы;
  • Тремпельченко Андрей – ЧС-42А тобының білім алушысы;
  • Тоқсанбаев Мирас – ПБ-42А тобының білім алушысы.

Бұл жеңіс – білім алушылар мен олардың тәлімгерлерінің орасан еңбегі, жоғары кәсіби деңгейі және үздік дайындықтарының нәтижесі.

Ақмола облысының білім басқармасына білім алушыларымыздың осы чемпионатқа қатысуын ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Құттықтай отырып, жеңіске қол жеткізген командамызға, оларды дайындаған жаттықтырушыларға және қатысушыларымызды қолдаған барлық жандарға ризашылығымызды жеткіземіз!  

Кескіндер галлереясы

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp