2025 жылғы 4-5 желтоқсан аралығында қалалық «Сұңқар» Спартакиадасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында футзалдан жарыстар өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы жоғары дайындық пен сенімді ойын көрсетіп, жалпыкомандалық есепте алты команданың ішінде бірінші орынды иеленді.
Жеке номинациялар бойынша келесі білім алушылар ерекшеленді:
- Панахов Умар (ЧС-1-25 тобы) – «Үздік шабуылшы»;
- Калымжанов Темирлан (ФК-12А тобы) – «Ең сапалы ойыншы».
Команданы жеңісімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!



