27.11.2017 жылы ТЖ-11«А» тобында «Үсік және қатты үсік кезінде бірінші көмек көрсету» атты куратор сағаты өтті. Куратор сағатының мақсаты: үсік пен қатты үсіктің классификациясын, олардың себебін және белгілерін анықтауға, үсік және қатты үсік алған кезде алғашқы көмек көрсету үйрену.
Куратор сағатында үсік және қатты үсік ұғымдарының анықтамалары берілді, өте төменгі және жоғары температураға терінің сезімталдығы, үсік және қатты үсіктердің деңгей дәрежелерін айыру туралы айтылды.
Үсік және қатты үсік алғандарға қандай алғашқы көмек қажеттілігінің ережелерімен танысты.