2025 жылғы 21 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Цифрлық шеберхана» атты мастер-класс өтті. Іс-шараны директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Альжанова Д.Х. Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе ұйымдастырды. Мастер-класс педагогикалық бағыттағы білім алушылардың аға және кіші курстары арасында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ оқытушының кәсіби қызметінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталды.
Іс-шара барысында жасанды интеллектті қауіпсіз және экологиялық тұрғыда дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастыруға, сонымен қатар аға курс білім алушылыраның тәлімгерлік және көпшілік алдында сөйлеу қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылды.
Өз сөзінде Альжанова Д.Х. промт-инжиниринг ұғымын түсіндіріп, жасанды интеллектке бағытталған сұраныстардың экологиялық маңыздылығын атап өтті. Ал 3 курс білім алушылары оқу тәжірибесінде қолданылатын жасанды интеллектке негізделген нақты педагогикалық құралдарды таныстырып, олардың тиімділігі мен қазіргі білім беру саласындағы өзектілігін көрсетті.



