АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 22 Қараша 2025 07:53

Кәсіби шеберлік байқауы

            2025 жылғы 20 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық шеберлік орталығы Дене тәрбиесі және АӘТД кафедрасымен бірлесе отырып «Дене тәрбиесі бойынша үздік болашақ педагог» кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастырды.

            Іс-шараның мақсаты – дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау, олардың педагогикалық қабілеттері мен шығармашылық потенциалын ашу болды.

            Байқау нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1 орын – Балтабаева Назира (ФК-22С), жетекшісі – Эберц А.В.;
  • 2 орын – Кажимов Ерасыл (ДТ-21), жетекшісі – Уалиден Н.М.;
  • 3 орын – Козырькова Ульяна (ФК-22А), жетекшісі – Каирбеков А.М.

            Сонымен қатар, осы байқауға белсенді қатысқан білім алушылар арнайы номинациялармен марапатталып, қазылар алқасы ерекше көзге түскен қатысушыларды атап өтті. Майер Артем (ФК-22А) «Дене тәрбиесін оқытудағы шығармашылық тәсіл» номинациясымен марапатталса, Жумабай Мадияр (ДТ-21) «Ең шығармашыл болашақ педагог» атағын иеленді.

            Барлық тәлімгер-оқытушыларға олардың кәсібилігі, білім алушыларға деген жан-жақты қолдауы және оқытушылардың жаңа буынын даярлауға қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! 

           

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp