АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 18 Қараша 2025 06:44

«WorldSkills-2025»

            2025 жылғы 13-14 қараша аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills-2025» аймақтық чемпионатының колледжішілік іріктеу байқауы өтті.

            «WorldSkills» чемпионатының басты мақсаты – дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау. Сондай-ақ, олардың кәсіби құзыреттерін, практикалық дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

            Чемпионат қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

  • 1 орын – Жангужинова Анастасия, ДОВ-32 тобының білім алушысы, тәлімгері Кинжалинова В.Е.;
  • 2 орын – Валяева Любовь, ДОВ-32 тобының білім алушысы, тәлімгері Перешивкина А.Ф.;
  • 3 орын – Чернова Ксения, ДОВ-32 тобының білім алушысы, тәлімгері Перешивкина А.Ф.

            Барлық қатысушыларға белсенділігі, кәсіби өсуге деген талпынысы және шығармашылық көзқарасы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

            Сонымен қатар, ұйымдастырушылар мен кафедра оқытушыларына байқауды жоғары деңгейде өткізіп, қатысушыларға жайлы жағдай жасағаны үшін ерекше алғыс айтамыз.

            Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

         

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp