2025 жылғы 19 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ПМНО-12 тобында «Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы» тақырыбында химия пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында білім алушылар ауыспалы металдардың ұғымымен, олардың қасиеттері және биологиялық рөлімен танысты.
Сабақ аясында олардың периодтық кестедегі орны, тұрмыста қолданылуы, сондай-ақ адам ағзасына әсері талқыланды. Білім алушылар талқылауға белсенді қатысып, тақырыпты жақсы меңгергендерін көрсетті.
Сабақ кезінде ауыспалы металдардың қолданылуына қатысты қызықты деректер келтіріліп, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері атап өтілді. Жасанды интеллектті пайдалану материалдарды дайындау сапасын арттыруға және білім алушылардың қызығушылығын күшейтуге жақсы ықпал етті.



