2025 жылғы 19 қарашада «Салтанат сарайы» жанындағы қалалық үлгілі кітапханада жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру мақсатында «Әділдік жолы – жемқорлықсыз жол» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Құқықтану-11» және «Правоведение-12» топтарының 1 курс білім алушылары қатысты.
Кездесу барысында «Amanat» партиясының Ақмола облыстық филиалы хатшысының орынбасары Алимбетова Ақманат және «Жас қыран» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар ұйымының төрағасы Даниил Спильный сөз сөйлеп, заң алдындағы теңдік қағидатының маңыздылығын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын жан-жақты түсіндірді.
Кездесу соңында білім алушылар мамандардан өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кітапхана меңгерушісі Бақытжан Айдосова әділдік пен адал еңбектің маңызын атап өтіп, жастарды терең білім алуға, саналы түрде дамуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.



