2025 жылдың 14 қарашасында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде екінші курс білім алушыларына арналған «Дене тәрбиесі сабақтарындағы практикалық жаттығулардың демонстрациясы» атты танымдық мастер-класс өтті.
Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының оқытушылары Шумаков Ю.А., Мусилманбек Н.М., Занина А.В., Садық А.Т. және Айдархан Қ.С. білім алушыларға гимнастика мен акробатиканың негізгі элементтерін, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінің ерекшеліктерін таныстырды.
Бұл мастер-класс болашақ оқытушыларға дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесін тәжірибе жүзінде көріп, өз білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.



